Орынборлық студент жалға алған көліктерін қазақстандықтарға сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орынборлық студент жалға алған көліктерін қазақстандықтарға сатқан

Орынборлық студент жалға алған көліктерін қазақстандықтарға сатқан

Ресей ІІМ Орынбор ММ ТБ Ленин ауданы солтүстік-шығыс бөлігі аумағында қылмысты тергеу бөлімінің өндірісінде облыс орталығы тұрғындарынан төрт көлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс жатыр, деп хабарлады  "Время 56".

  • 21 Шiлде 2017
  • 363
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері Орынбор ЖОО-ларының бірінің 21 жастағы студенті  жалға алған болып, көліктерді ұрлағанын анықтады. Қаскүнем интернет-сайттардағы жарнамадан тауып, көлік иелерімен кездесуге уағдаласып, жалға алынған көліктерді Қазақстанға сатып отырған.

Жедел іздеу шаралары барысында күдіктінің қылмыс жасағаны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның 4 көлікті («Датсун», «Лада Гранта» маркалы көліктер және  екі «Лада Калина» көлігі) ұрлағанын анықтады. Ұрланған көліктерді сатқан күдікті 150 000 рубль пайда тапқан. Полицейлер жапа шегушілердің бірінің құны 466 000 рубль тұратын көлігін қайтарды.

Тергеу жалғаса бермек, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде. Бұдан бұрын 21 жастағы орынборлық жігіт ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылған. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша РФ ҚК 159-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бап санкциясы 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


 

Соңғы жаңалықтар