Өзбекстан Түркия азаматтары үшін визаны алып тастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Түркия азаматтары үшін визаны алып тастайды

Өзбекстан Түркия азаматтары үшін визаны алып тастайды

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Өзбекстан түрік азаматтары үшін визаны алып тастауы мүмкін деп мәлімдеді. Өткен аптаның соңында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Өзбекстанға барған сапарынан соң екі ел қарым-қатынасында жаңа кезеңдер басталды деп мәлімдеген.

  • 21 Қараша 2016
  • 724
Фото - Caravan.kz

«Haber Turk» түрік газетінің жазуынша, сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Өзбекстанға барған сапарынан кейін, журналистер алдында "Біз Өзбекстан азаматтары үшін визаны алып тастадық. Өзбекстан өз кезегінде біздің азаматтар үшін визаны алып тастайды", — деп мәлімдеді.

Алайда Түркия СІМ басшысы бұл келісім іс жүзінде қашан жүзеге асатыны туралы нақты айтпады.

Түркияның «Anadolu» ресми агенттігінің хабарлауынша, Ердоған мен Өзбекстан президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев арасындағы жабық есік жағдайындағы кездесу үш сағатқа созылған. Бұл Түркия басшысының соңғы 16 жылдағы Өзбекстанға бірінші сапары.

Екі ел лидерінің Самарқанда өткен келіссөздерінен кейін жасалған мәлімдемеде Түркия Өзбекстанды Орталық Азиядағы басымдық беретін әріптес ретінде қарайтыны айтылған. Сонымен бірге екі ел қарым-қатынасының қазіргі деңгейі одан да үлкен мүмкіндіктер мен әлеуеттерге сәйкес келмейтіні айтылған.


Соңғы жаңалықтар