Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған

Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған

Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме ж

  • 24 Қаңтар 2017
  • 423
Фото - Caravan.kz

Өзбекстаннан елімізге 3 центнер насыбай өткізілмек болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара бойында орналасқан "Бейнеу — теміржолдық" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы "Қоңырат — Бейнеу" пойызына шекаралық бақылау жүргізу кезінде тамбурдың төбесіне жасырылған иесіз жүкті анықтады. Алып қарағанда әлгі жүк кәдімгі насыбай болып шықты. Салмағын өлшегенде насыбай 284 келіге жеткен. Насыбайдың мән-жайын түсіндіру үшін вагонның жолсерігінің жолдан қалуына тура келді", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Осы іс бойынша Атырау облысы Бейнеу аудандық құқық қорғау органдары мен өзара әрекеттес органдар хабарландырылды.


Соңғы жаңалықтар