Өзбектің "шетелге шығу визасы" отбасының ажырауына себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектің "шетелге шығу визасы" отбасының ажырауына себеп болды

Өзбектің "шетелге шығу визасы" отбасының ажырауына себеп болды

Өзбекстанның бірқатар тұрғындары "елден шығу визасын" алудағы қиыншылықтарға байланысты шетелдегі отбасы мүшелерімен қосыла ал

  • 30 Наурыз 2017
  • 405
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның бірқатар тұрғындары "елден шығу визасын" алудағы қиыншылықтарға байланысты шетелдегі отбасы мүшелерімен қосыла алмай жүр. Өзбекстан — азаматтарына шетелге шығуға рұқсат беруді сақтап қалған жалғыз постсоветтік ел.

Ташкент тұрғыны Лобар Юнусованың күйеуі мен бір жасқа толмаған қызы Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып, өзі екі баласымен отанына келген. Содан бері тоғыз ай бойы ол Ішкі істер министрлігінен "елден шығу визасын" ала алмай жүр.

Самарқан тұрғыны Зарина АҚШ-қа оралу үшін "елден шығу" визасын күткісі келмеген. "Өткен жылы мен емшектегі баламмен бірге Өзбекстанға сырқат шешемді көру үшін келдім. Екі балам күйеуіммен бірге АҚШ-та қалды. Өзбекстанда виза ала алмадым. Алты айдан соң мен АҚШ-қа Украина арқылы ұшып кеттім. Енді Өзбекстанға орала алмаймын, өйткені мен биліктің рұқсатынсыз елден шығып кеттім", — дейді ол.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігінің Азаматтық рәсімдеу және елге кіріп-шығу басқармасының қызметкері мұндай виза ары кетсе үш апта дайындалатындығын мәлімдеді. "Кейбір азаматтарға виза беру уақыты созылуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай өте сирек болады", — деді ол.


Еске салайық, өткен жылы өзбекстандықтар жаңа президент Шавкат Мирзияевтен "елден шығу визасын" алып тастауын талап еткен еді. Тіпті change.org сайтында осыған қатысты петицияға қол жиналған.

Соңғы жаңалықтар