Қапшағайда жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қапшағайда жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 213
Фото - Caravan.kz

Қапшағайда учаскелік инспектор жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 желтоқсан күні кешке белгісіз көлік Қонаев көшесінде 15 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен. Баланың бас сүйегі зақымданып, бірнеше жері сынған.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ретінде 28 жастағы Қапшағай тұрғыны ұсталған.

"Қапшағай ҚІІБ учаскелік инспекторы полиция мойоры Жүсіп Тұрлин жол апатының куәгерлерін іздеп тауып, оқиға орнынан жасырынған жүргізушінің кім екенін анықтады. Күдікті ұсталды. Ол жасөспірімді өзінің Мitsubishi Galant көлігімен қаққаны белгілі болды ", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.


Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар