Қарағандылық азамат 8 наурыз күні анасын өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық азамат 8 наурыз күні анасын өлтірген

Қарағандылық азамат 8 наурыз күні анасын өлтірген

33 жастағы Қарағанды тұрғыны өз анасын өлтіріп, содан кейін бесінші қабаттан секіріп қаза болды, деп хабарлады Baq.kz агенттігінің Қарағ

  • 9 Наурыз 2017
  • 418
Фото - Caravan.kz

33 жастағы Қарағанды тұрғыны өз анасын өлтіріп, содан кейін бесінші қабаттан секіріп қаза болды, деп хабарлады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі.

Оқиға 8 наурыз мерекесі күні болған. Әйел адамның шыңғырған даусын естіген көршілері полицияға хабарлаған. Олардың айтуы бойынша, құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына тез жеткен. Алайда, полиция қызметкерлеріне ешкім есік ашпаған. Сол уақытта анасын өлтірген жігіт балконнан секіріп кеткен.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болған.

«Онда жоғарыдан құлаған адамға тән жарақаттар болды. Ауруханаға апара жатқан жолда ер адам көз жұмды», — деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.


«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды ҚР 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Соңғы жаңалықтар