ҚАЖ Комитеті Бас прокуратураның сынына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚАЖ Комитеті Бас прокуратураның сынына жауап берді

ҚАЖ Комитеті Бас прокуратураның сынына жауап берді

Бүгінде республиканың ҚАЖ мекемелерінің 60% астамы толық көлемде бейнебақылаумен жабдықталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Х

  • 24 Ақпан 2017
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бүгінде республиканың ҚАЖ мекемелерінің 60% астамы толық көлемде бейнебақылаумен жабдықталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Бас прокуратурасы 4-ші түрме реформасы форумы барысында «Азаптаусыз қоғамға қарай» жобасының тұжырымдамасы қаралды. Сонымен бірге, форум қатысушылары ҚАЖ мекемелеріндегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерін бейнебақылаумен жабдықтау және сотталушылардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды. «Сонымен бірге, аталған бағыттағы жұмыс мүдделес мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірге тұрақты негізде жүргізіледі», — деп атап өтті ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

«Осылайша, мекемелерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау бюджеттік қаражатты бөлу ретіне қарай атқарылуда. Бүгінде республика бойынша 48 мекеме бейнебақылаумен толықтай қамтылған. 2018-2020 жылдарға қарай, қалған мекемелерге қаражат бөлу көзделген. Сотталушылардың құқықтарын сақтау бөлігі ретінде, қолданыстағы ҚР қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, ерікті негізде сотталғандар ұйымын құру қарастырылған. Бұл ретте оның мүшелері қосымша жеңілдіктер мен басымдықтарды пайдалана алады және мекеме әкімшілігінің өкілеттілігіне ие бола алмайды.

Маршпен жүру және саптық дайындық деп аталатын сабақтар заңнамамен қарастырылмаған және ҚАЖ мекемелерінде жүргізілмейді. Сонымен бірге, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, мекеме аумағы бойынша сотталушылар тобын алып жүру сап құру арқылы жүзеге асырылады (маршсыз)», — деп мәлім етті республикалық жазаны атқару жүйесі. Бұған дейін хабарланғандай, Бас прокуратура түзету мекемелерінде саптық дайындық сабақтарына шектеу қоюды ұсынды. Одан бөлек, Бас прокурор Жақып Асанов әлі күнге дейін түзеу мекемелерін видеокамералармен, ал ҚАЖК қызметкерлерін видеорегистраторлармен жабдықтау шаралары қолға алынбаған деп сынаған болатын


 

Соңғы жаңалықтар