Қостанайдағы ірі жол апаты: Үш көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы ірі жол апаты: Үш көлік соқтығысты

Қостанайдағы ірі жол апаты: Үш көлік соқтығысты

Қостанай облысының болған ірі жол-көлік оқиғасы туралы ІІД баспасөз қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 18 Қазан 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

17 қазанда «Қостанай-Рудный» тас жолында үш автокөлік соқтығысты. «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі ара қашықтықты сақтай алмай, алда келе жатқан тағы бір «КамАЗ» көлігіне соғылған. Соның нәтижесінде алдыңғы «КамАЗ» жол төсеміне белгі салып келе жатқан «Газель» автокөлігіне жанасты.

«Жол-көлік оқиғасынан 57 жастағы «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды. Оған жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамасы толтырылды. Қалған көліктердің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді» — делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.  


Соңғы жаңалықтар