"Үш тұғырлы тіл" идеясына наразылардан гөрі оны қолдаушылар басым - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш тұғырлы тіл" идеясына наразылардан гөрі оны қолдаушылар басым

"Үш тұғырлы тіл" идеясына наразылардан гөрі оны қолдаушылар басым

"Үш тұғырлы тіл" идеясының оң шешім екенін көптеген саясаткерлер, білім саласының мамандары растап отыр.

  • 27 Маусым 2016
  • 1565
Фото - Caravan.kz

Орта мектептерде бастауыш сыныптардан бастап, үш тіл бірдей оқытылады. Яғни, оқушы оқу ордасының табылдырығын аттай салғаннан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдері қатар жүреді. Бұған қоса бастауышта әр пәнге бағытталған жаңа пәндер де енгізіледі.  

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» идеясын ұсынғанына он жылға таяп қалды. Елдің дамуы үшін маңызыды бастамының  қоғамда түрлі пікір қалыптастырғаны да жасырын емес.

Әйтседе бұл идеяны қазір қолдаушылар басым болып тұр.

«Мен «Абай жолын» қазақша оқыдым, орыс классиктерін орысша оқыдым. «Шекспирді» ағылшынша тыңдап, оқығым  келеді. Мен шетелдің әйгілі жазушыларын ағылшынша оқығанды қалаймын. Неге маған оларды өз тілдерінде оқуыма болмайды. Иә, мен өкінішке қарай ағылшын тілін білмеймін. Қазақтың ақындар айтысын көрем. Көремінде ондағы неше түрлі ұтқыр сөздерге қайран қаламын. Кейде жылаймын, кейде күлемін. Өйткені ақындар айтысын тыңдап, түсіну үшін қазақ тілін білу керек. Сол сияқты шетел әдебиетінің сүбелі сөздерін ұғыну үшін сол тілді үйрену маңызды»,-дейді «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы әлеуметтік әріптестік орталығының» Бас директоры, саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов.

Бірқатар мамандар аталған идеяны 1- қыркүйектен бастап мектеп бағдарламасына енгізу арқылы іске асыру асығыс шешім десе, енді бірі дәл уақытында қабылданды, деген пікірді қолдап отыр. 

«Мен бұл бастаманы толық қолдаймын. Орынсыз дау шығарудың  қажеті жоқ. Бұл өте керек әрі оңды шешім. Қорқуға, жасқаншақтауға болмайды. Қазіргі балалар өте зерек, өте алғыр. Олар үш тілді еркін игеріп кете алады. Ағылшын тілі, орыс тілі ол ТМД-да болсын, шетелде болсын керек. Бізге ел ретінде тек даму керек. Әлемдік өркениеттің көшіне ілесу  үшін үш тілді білу маңызды.Біз бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз қажет»,-деді белгілі саясаттанушы.   

«Үш тұғырлы тіл» идеясының анау айтқандай үрейлі жоба емес, керісінше бүгінгі заманда қажеттелік тудырып отырғанын білім саласының мамандары да мойындап отыр. Мәселен бала оқыту ісімен сан жылдар шұғылданған Еңбек Ері, Алтын жұлдыз орденінің иегері Аягүл Мирзаеваның ойы да осы тектес.  

«Физика, биология пәндерін ағылшынша оқытудан не ұтамыз, неден ұтыламыз, таразыға салып мұқият сараптап алу керек. Ағылшын тілі ол керек. Орыс тілін білу, ағылшын тілін білу қазіргі күннің талабы.Өсеміз десек, өркендейміз десек, 30 елдің қатарына қосыламыз десек, шетелдегі жақсы жаңалықтарды өз елімізге әкелеміз десек ағылшын тілін білуіміз керек»,-деді №159 гимназияның директоры А. Мирзаева.


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, пәндерді үш тілде оқыту тек 10 – 11 сыныпта жүргізіледі.  Негізгі сабақтар 1 – 9 – сыныптарда бұрынғыдай қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. 10 – 11 сыныптан бастап, ағылшын тілінде өтілетін пәндер: информатика, химия, биология және физика. Ал қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы қазақша жүреді. Орыс тілі мен әдебиеті мен дүние жүзі тарихы орыс тілінде оқытылады.

Аягүл Мирзаева, №159 гимназиясының директоры, Еңбек Ері:  «Үш тұғырлы тіл» деген ол жаңалық емес, ол бұрыннан бар нәрсе. Бәріміз мектепте оқыдық. Шет тілін оқыдық. Неміс тілін оқыдық. Одан кейін ағылшын тілі болды. Қазір бүкіл республикада міндеті түрде шет тілін оқиды. Информатика пәні ол ағылшын тілінде жазылып қойылған, ол компьютер тілі, оған көп тілдің қажеті жоқ, оны оқуға болады. Ал биология, физика пәндері өте күрделі пәндер. Әрі үш тұғырлы тіл бірден қабылдана салған жоба емес. Ол әбден сараланып,екшеленген дүние деп ойлаймын»

Білім саласында талай жыл тер төккен маманның айтуынша францияда балаларға 4 жастан бастап шет тілі оқытыла бастайды. Ал біздің елдегі  «6 жастан бастап ағылшын тілін үйретеміз» деген идеяға наразылық танытуымыз бекершілік көрінеді. Қайта ертерек алған білім терең сіңеді екен.

БҰҰ – ның жүргізген зерттеуі бойынша, еліміздегі  8 – сынып оқушылары дамыған елдердің 8 – сынып оқушыларынан кемінде 2,5 жылға артта қалып қойған. Сол себепті  «үш тұғырлы тіл» идеясы күн тәртібінде тұрған мәселе. 

Соңғы жаңалықтар