Қырғыз оппозициясының жетекшісі Текебаевты екі айға қамады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз оппозициясының жетекшісі Текебаевты екі айға қамады

Қырғыз оппозициясының жетекшісі Текебаевты екі айға қамады

Қырғызстанның оппозициялық "Ата Мекен" парламенттік фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына екі айға қамалды. Сот осындай шешімді 27 ақпанда қабылдаған.

  • 28 Ақпан 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

"Ата Мекен" фракциясының депутаты Қаныбек Иманалиевтің айтуынша, МҰҚК ғимараты маңындағы наразылық акциясы 28 ақпанда әрі қарай жалғасады. "Біз жақтастарды ережені бұзбауға — жиналып, митингіні жалғастыруға шақырамыз", — деді ол.

Бұл уақытта ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы Өмірбек Текебаевтың ісіне қатысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Нәт Перри мәлімдеді. "Ол біздің қауымдастықтың мүшесі, сол себепті біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Біз Қырғызстан билігі заң әділдігін сақтайды деп үміттенеміз", — деді ол.

Еске салайық, МҰҚК 26 ақпан түні ұшақтан түскен Текебаевты тергеуге алып кетті. Кейін тергеу органы саясаткерді 48 сағатқа ұстау туралы шешім қабылдады.


Текебаев ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің өтініші бойынша ұсталды. Оның мәлімдеуінше, 2010 жылы ол "Мегаком" акцияларын сатып алу үшін Текебаевқа бір млн доллар пара берген.

Соңғы жаңалықтар