Қырғызстанда анасы темір ожаумен ұрған 3 жастағы сәби комаға түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда анасы темір ожаумен ұрған 3 жастағы сәби комаға түскен

Қырғызстанда анасы темір ожаумен ұрған 3 жастағы сәби комаға түскен

Қырғызстанның Ош қаласында әйел өзінің 3 жастағы баласына қол көтерген, соның салдарынан сәби комаға түскен.

  • 5 Ақпан 2018
  • 184
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КирТАГ-қа сілтеме беріп хабарлайды.

«Ош қаласында 24 жастағы әйел өзінің 2,8 жастағы баласын темір ожаумен ұрған. Баланың жағдайы өте ауыр, комаға түскен»,- дейді Ош қаласының ІІБ баспасөз-хатшысы Замир Сыдықов.

«Баланың іш құрылысына, миына зақым келген. Дәрігерлер баланың аман алып қалу үшін барлығын жасауда. Баланың анасы сәбидің жағдайы қатты нашарлап кеткеннен соң ғана ауруханаға әкелген. Қазір ол жансақатау бөлімінде жатыр»,-дейді ол.

Әйел полицияға баласына қол көтергенін мойындамаған, сәбидің жарақатты құлаған кезде алғанын айтқан. Әйел ажырасқан, жалғызбасты ана. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар