Қыркүйек айы жылы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айы жылы болады

Қыркүйек айы жылы болады

Синоптиктер қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Тамыз айы қыркүйек айына жылы эстафетасын береді. Бірақ еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысы жаңбырлы болады.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 486
Фото - Caravan.kz

Болжам бойынша, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12…20 градус жылы, күндіз 20…28 градусқа дейін жылы;

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстікте және орталықта, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7…15 градус жылы, ал күндіз 17…25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12…20 градус жылы, күндіз 22…30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10…18 градус жылы, ал күндіз 20…28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:


солтүстік жартысында күндіз 22…30 градусқа дейін жылы;

оңтүстік жартысында күндіз 27…35 градусқа дейін жылы;

Алдын ала болжам бойынша,  қарқынды салқын толқыдары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында түнде 3 аяз… 5 жылы, күндіз 7…15 жылы

оңтүстік жартысындатүнде 2…10 жылы, күндіз 17-22 жылы.

Соңғы жаңалықтар