Қытайдағы ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген қазір Астанада жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген қазір Астанада жүр

Қытайдағы ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген қазір Астанада жүр

Қытайда I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Астанаға не себепті ұшып келгені белгілі болды.

  • 25 Ақпан 2017
  • 2022
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген мен Hunan TV арнасының түсірілім тобы Астанаға Қазақстан туралы, орындаушының туған жері жайлы сюжет түсіруге келіпті. Сюжет қытайлық телеарнада көрсетіледі. Бұл роликте әнші өз елін таныстырады.

Сондай-ақ, Шаримовтың айтуынша, түсірілім тобы мен әнші ертең, 26 ақпанда Ақтөбе қаласына барады. Ал 27 ақпанда қайтадан Қытайға жол тартады екен.

Ал осыған дейін әншінің PR-директоры әншінің Астанаға ұшып келгенін хабарлаған еді. "Бітпеген шаруаларды әуеде бітіруге тура келеді. Бір-екі күнге Отанға келіп жатырмыз. Ешқандай БАҚ-пен кездесу, арнайы фан кездесулер мүмкін емес. Бәрі жоспар бойынша! Түсірілім! Түсіністікпен қарағандарыңызға раxмет!!! Мен Астанадамын!!!", — деп жазған еді Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында.


Бүгін, сенбіде шоудың алтыншы туры көрсетіледі. Бұл жолы әнші Қазақ ұлттық өнер университеті ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен халық әні — "Дайдидау" әнін орындайды. Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.

Еске салайық, осыған дейін Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындаған еді. 

Соңғы жаңалықтар