Ресей қазақтарының жағдайына орыс сарапшылары неліктен алаңдаушылық танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей қазақтарының жағдайына орыс сарапшылары неліктен алаңдаушылық танытып отыр

Ресей қазақтарының жағдайына орыс сарапшылары неліктен алаңдаушылық танытып отыр

Бұған дейін өз елінің аумағында орналасақан аз халықтардың жағдайында бас қатыра бермейтін Ресей сарапшылары енді ондағы қазақтардың тілі мен мәдениетін жоғалта бастағанына алаңдаушылық танытыпты.

  • 25 Сәуiр 2017
  • 2634
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы vestikavkaza.ru-ға сілтеме жасап Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Ресейде тұратын қазақтар туған тілі мен мәдениетімен байланысты ақырындап жоғалтып жатыр. Бұл жайлы «Вестник Кавказа» ақпараттық-сараптама агенттігінің сарапшысы Артем Соколов Вести FM-нің «Ресей халықтары» бағдарламасында тікелей эфирде хабарлады.

Сарапшының пікірінше, Ресейде өз ата-бабаларының тілінде сөйлей алатын қанша қазақтың барын анықтау өте қиын.«Бір анығы көпшілігі қазақ тілін білмейтін болса керек. Бұл көбіне жастарға қатысты, ал аға буынның басым бөлігі туған тілін білуі мүмкін»,- дейді ол.

«2000-шы жылдарға дейін қазақтар көп тұратын аймақтарда қазақ тілінің факультативті пән ретінде болуы 80 пайызды құрайтын. Қазір бұл көрсеткіш 50 пайыз. 2000 жылға дейін мектептерде пән ретінде оқытылуы 40 пайыз болса, қазір 25 пайызды құрайды. Жағдайды жақсарту үшін этномәдени ерекшеліктері бар мектептер қажет. Бірақ, қазір Ресейде Алтай өлкесінде орналасқан бар жоғы бір ғана қазақ мектебі бар»,- деп атап өтті сарапшы.

«Дегенмен, қазақтар көп шоғырланған аймақтарда қазақ тілі әлі де оқытылады. Астрахан облысында мұндай мектепердің саны 50. Ал Омбы өңірінде шамамен оншақты»,- деді Соколов.


Статистикалық көрсеткіштер жаман болмағанымен қазақтардың өздері мұндай оқу ордаларында «қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуға аптасына бір сағат қана бөлінген және қазақ тіліндегі басылымдарды табу қиын, деп шағымдануда. Бұған қоса ата-аналардың көбі балаларын орысша оқытқанды жөн санайды.

Оның да жөні бар. Өйткені Ресей жоғарғы оқу орындарында оқу орыс тілінде. Ал жұмысқа тұру үшін де осы тіл талап етіледі. Мұндай жағдайда балаларды ана тіліне қызықтыру қиын.Қысқасы Ресей қазақтары қазір өз ана тілі мен мәдениетінен ажырап барады», деп аяқтапты Соколов.

Соңғы жаңалықтар