Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешірді

Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешірді

Қырғызстан мен Ресейдің қаржы министрлері Адылбек Касымалиев пен Антон Силуанов Қырғызстанның РФ алдындағы 240 млн АҚШ долларын құрайтын қарызын кешіру туралы хаттамаға қол қойды, деп жазады kabar.kg.

  • 21 Маусым 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz

Қол қою рәсімі Мәскеуде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында жүргізілді. Қырғызстанның Қаржы министрі журналистерге 2012 жылдан бері Қырғызстанның Ресей алдындағы қарызы 488 млн долларды құрағандығын айтып берді.

«2013 жылы 188,9 млн доллар қарыз кешірілді. Алайда, 300 млн доллар қарызды бөліп өтеуге келісілді. 2016-2017 жылдары 60 млн доллар есептен шығарылды. Енді, бізде 240 млн доллар қалып тұр еді және бұл сома бүгін қарыздық есептен шығарылды», — деді министр. Адылбек Касымалиев хабарлағандай, хаттама РФ мемлекеттік думасы ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. 



 

Соңғы жаңалықтар