ШҚО-да барымташылар қылмыс үстінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да барымташылар қылмыс үстінде қолға түсті

ШҚО-да барымташылар қылмыс үстінде қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында тәртіп сақшылары төрт барымташыны ұстады.

  • 2 Тамыз 2016
  • 379
Фото - Caravan.kz


Полицейлер түнде «Газель» көлігін тексеру үшін тоқтатып, ондағы екі ірі қараның еті мен үш бас қойдың ұрланғанын анықтаған.

Малды ұрылар шаруа қожалықтарының жазғы жайлауынан ұрлаған. 
«Шаруа қожалығына келтірілген залал 510 мың теңгеге бағаланды», деп хабарлады облыстық ІІД. 
Ұрылардың барлығы Семей қаласының тұрғындары болып шықты. Біреуі 21 жаста, тағы бірі 42 жаста, тағы екі күдікті 41 жаста.
Олар ҚР ҚК 188-бабы 2-бөліміне сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, олардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар