"Шымбұлақ" маңында екі рет қар көшкіні жүрді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шымбұлақ" маңында екі рет қар көшкіні жүрді

"Шымбұлақ" маңында екі рет қар көшкіні жүрді

14 сәуірде таңғысын "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында екі рет қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ "Казселқорғау" ББ-ның Алматы қалалық пайдалану басқарма жетекшісі Ринат Әміржановқа сілтеме жасап. 

  • 14 Сәуiр 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бірінші қар көшікіні Шымбұлақ — Тұйықсу қақпасы тасжолының маңында сағат 08:30 шамасында жүрді. Көлемі 25 мың куб метр. Бес жарық бағанасы бүлінді. Осы себепті жақын маңдағы кафеде жарық жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Екінші рет 09:30 шамасында "Шымбұлақтан" жоғары орналасқан "Мыңжылқы" бөгеті маңында жүрді. Оның көлемі 2500 куб метр. 

Қазіргі кезде жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа алты адам және екі техника жұмылдырылды. Медеуден жоғары қарай және Үлкен Алматы көліне қарай баратын жол жабық. Онда 1 метр 90 сантиметр биіктікте қар жатыр. 


Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады. Тауға шығуға тыйым салынған. 
 

Соңғы жаңалықтар