Шымкентте кеше таңертең тұтанған өрт бүгін таңға жуық сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кеше таңертең тұтанған өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Шымкентте кеше таңертең тұтанған өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Шымкенттегі мұнай қоймасында болған өрт бүгін таңға жуық сөндірілді.

  • 24 Маусым 2017
  • 504
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент бастығының сөзіне қарағанда, жалын қоймадағы өзге резервуарларға өтпеген. Өртті сөндіруге жұмылдырылған  35 техника мен  200-дей адамның көмегімен жалын таңғы 6.40-та  толықтай ауыздықталған.  Бұл жұмыстарға   100 тонна су мен арнайы сұйықтық жеткізген поезд пен әуеден бақылау жүргізген тікұшақтың да көмегі тиген.  Жергілікті билік тарапынан  үздіксіз су тасымалдаған көліктердің де ықпалы көп болды.

Еске салайық, кеше таңғы 7.51 шамасында «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ның қоймасынан өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапқан еді. Марқұм болған 46 жастағы азамат осы қоймада оператор болып жұмыс істеген. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен құзырлы орган өкілдері өрттің не себепті шыққанын анықтайтын болады. Тексеру шараларына өңірдің еңбек инспекциясы да араласып, жұмысшының өліміне қатысты нақты шешімдер қабылдайды.

Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді

Соңғы жаңалықтар