Ақпаратты тексеру барысында ол расталды. Браконьерлік жасады деген күдікпен 1984 және 1994 жылғы екі ауыл тұрғыны ұсталды. Жігіттің бірінің үйінен бұғының еті, ал орманнан аңның басы және терісі табылды. Тіркелмеген 16 калибрлі екі аңшы мылтығы, оқ, балта және екі шаңғы тәркіленді.
Қазіргі уақытта ет сараптамаға жіберілді. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «Заңсыз аң аулау» 337 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш бапта бес жылға бас бостандығынан айыру және 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.