Тәжірибе аясында көптеген оқушылар ағылшын тілінде білім алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжірибе аясында көптеген оқушылар ағылшын тілінде білім алатын болды

Тәжірибе аясында көптеген оқушылар ағылшын тілінде білім алатын болды

Тәжірибе аясында, тілек білдіруші оқушылар биыл қыркүйектен бастап ағылшын тілінде білім ала бастайды, деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

  • 26 Шiлде 2017
  • 241
Фото - Caravan.kz

"Биыл 1 қыркүйектен бастап, 500-ден астам сынып тәжірибе аясында, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ағылшын тілінде білім алатын болады. Біз үшін бұл тәжірибенің маңызы аса зор. Жыл бойы балаларды, мектеп мұғалімдерін бақылап, қорытындысы бойынша келесі жылы оқытушылар және ата-аналар қауымымен ақылдасатын боламыз. Үш тілде білім беру үшін тұжырымды кесте қабылдамақпыз", — деді Сағадиев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі нәтижелер зор үміт күттіреді: балалар қорықпайды, ата-аналар қолдап отыр, ал мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Биыл, министрдің сөзіне сүйенсек, мұғалімдерді де жаппай оқыту басталмақ.


 

Соңғы жаңалықтар