Түрік мәдени орталығы астаналықтарға «120» фильмін көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрік мәдени орталығы астаналықтарға «120» фильмін көрсетеді

Түрік мәдени орталығы астаналықтарға «120» фильмін көрсетеді

Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай, елордалық тұрғындар үшін «Айлық түрік фильмдері күнін» ұйымдастырып келеді. Осынау шара аясында 28 қазан күні астаналықтарға Түркияда түсірілген «120» атты фильм көрсетілмек.

  • 23 Қазан 2017
  • 465
Фото - Caravan.kz

Аталған кинотуынды өмірден алынған шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілген. Режиссері — Өзхан Эрен. Басты рольдерді Бурак Серген, Өзге Өзберк, Жансел Эльчин секілді танымал түрік актерлері сомдайды. «120» фильмінің көзі қарақты киносүйер қауым жақсы танитын «Жаужүрек мың бала» фильмімен мазмұндас тұстары да мол.  

Астаналықтар мен қала қонақтары фильмді ақысыз түрде 28 қазанда сағат 17.00-де Керуен ОСО, Kinopark 7, 4 залында орысша субтитрмен тамашалай алады.


Соңғы жаңалықтар