Уақытша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уақытша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін

Қазақстанның билік өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дүрлікпенің салдарынан уақытша тіркелуге қажетті құжаттар тізімін қысқартуы мүмкін.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
 "Бір ай ішінде "онлайн" режимде тіркелу мүмкіндігі енгізіледі. Азаматтардың форма 2 (жылжымайтын мүлікке құқық турады) бойынша анықтаманы өткізу қажеттігін алып тастау жоспарланып отыр. Бұл қызмет көрсету үдерісін екі есе жылдамдатады", — деп мәлімдеді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында. Министрлік әкімшіліктердің ХҚКО базасына кіре алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді ұсынды. "Мұның арқасында әкімшілікте жәрдемақы алатын азаматтар қажетті анықтамаларды сол жерде ала алады. Нәтижесінде ХҚКО-ның қызметі жеңілдейді", — деп санайды министр.

  • 11 Қаңтар 2017
  • 532
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар