Украин журналисі Қазақстанның "орыс әлемін" қалай тұншықтырып отырғаны туралы жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украин журналисі Қазақстанның "орыс әлемін" қалай тұншықтырып отырғаны туралы жазды

Украин журналисі Қазақстанның "орыс әлемін" қалай тұншықтырып отырғаны туралы жазды

Украин журналисі Денис Казанский Қазақстаннның өз мемлекеттігін қорғауға қатысты әрекетіне тамсанып отыр. "Украинада әлдебір ресейшіл ұйымға тыйым салса немесе сепаратисті соттаса, Ресейдегілер "хунта, жендеттер, фашистер" деп айқай салады. Қазақстанда әлдебір "орыс әлеміне" әуес адамды темір торға қамаса, ең батыл орыс ұлтшылдары ұялып, үндемей қалады" деп жазады ол.

  • 25 Мамыр 2017
  • 3579
Фото - Caravan.kz

Казанский өз материалында кезінде Қазақстан билігінің бүлікшілерді қалай басып тастап отырғаны туралы айтады. Caravan.kz медиа-порталы журналистің жазғандарын ықшамдап аударып, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрді.

1990-91 жылдары Оралда Донбастағы 2014 жылғы "орыс көктемін" еске салатын оқиғалар болды. Қазақстанның батысындағы бұл қалада казактар Орал облысының 1920 жылы Қазақстанға берілгені дұрыс болмағанын, оны Ресейге қайтару керектігін айтып, бас көтерді. Сол кезде қазақтар казактардың съезін болдырмай тастап, жеңіске жетті. 

1994 жылы толқулар Шығыс Қазақстанда басталды. Қаңтар айында орыс ұлты қазір де 60 пайызды құрап отырған Өскеменде жергілікті славян мәдени орталығы митинг ұйымдастырды. Оған қатысушылар орыстарға ұлттық автономия құрып, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруді талап етті. Митингке 10 мыңнан аса адам қатысқан. Осыдан кейін Қазақстан басшысы Шығыс Қазақстан еркін экономикалық аймағын таратып жіберді. Өйткені бұл аймақ сепаратизмге экономикалық жағынан септеседі деген ой болды.

Кейін тіпті сепратистерге қарсы белсенді күрес басталды.

1995 жылы Жетісу казактары әскерінің атаманы Николай Гунькин тұтқындалды. Ол Қазақстанның Ресей құрамына кіруі керектігін айтып жүрген, Алматыда соған шақырып, митингтер өткізген. Сібір казактары әскері Көкшетау бөлімінің ағайынды басшылары Юрий және Виктор Антюшколар сол кездегі Көкшетау облысында Приднестровье немесе Абхазия тектес "мемлекет" құру мақсатында қарулы көтеріліс ұйымдастырмақ болды. Бірақ Қазақстан билігі оны да болдырмады. Бір қызығы, бұған Ресейдің Федералдық қауіпсіздік комитеті көмектескен.

1999 жылы тағы да Өскеменде Қазақстанның солтүстігінде "халық республикасын" құруды мақсат еткен сепаратистер пайда болды. Сол жылы күзде осыған қатысты 22 адам ұсталды. Олардың 12-сі Ресей азаматтары еді. Олар жергілікті әкімшілікті басып алып, орыстарды көтеріліске шығаруға дайындалған деп айыпталды. Ол кезде сепаратистер ұзақ жылдарға сотталды. 


Украин журналисі Қазақстанның мемлекеттігін сақтаудағы басқа да көптеген ұтымды қадамдары туралы айтқан. Мысалы, астананы өзгерту, оңтүстіктің қазақтарын солтүстікке көшіру сияқты. Тіпті Қазақстанды Ресейге қосу туралы ұсыныс айтып, артынан 4 жылға сотталған атышулы Ермек Тайшыбековті атай кетіпті.            

Соңғы жаңалықтар