Универсиада кезінде көлік сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада кезінде көлік сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Универсиада кезінде көлік сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Еліміздің көлік сақшылары Алматы қаласында Универсиада-2017 ойындарын өткізу кезеңінде әуе және темір жол көлігі нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласында Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 ойындарын өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлерімен Алматы қаласы әуежайы мен темір жол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілмек.

«Өздеріңіз білетіндей, Универсиадаға әлемнің 55 елінен 2 мыңға жуық спортшылар мен 30 мыңнан аса отандық және шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде. Алдағы шараның ауқымдылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды талап ететіні заңдылық», — дейді Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов. «Басты міндет – тәртіпті қадағалаудың әлсіреуіне жол бермеу. Бұған қоса, біз жұмыс режимін өзгерттік, қызметкерлердің еңбек демалыстарын кейінге қалдырдық, әдеттегідей барлық жасақтар қызмет өткерудің күшейтілген тәртібінде жұмыс істейтін болады», — деді полиция полковнигі.  

Т.Өтетілеуовтың айтуынша, спорттық шара өткізілетін күндері көлік сақшылары қоғамдық тәртіпті күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірқатар аспектілерін жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, жолаушылар легін қадағалау, азаматтардың құжаттарын тексеріп-қарау, бейнебақылау, еріктілермен жұмыс т.б.

Негізгі міндеттердің бірі әуе және темір жол көліктерімен келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап Алматы қаласының халықаралық әуежайындағы жолаушылар ағыны, сондай-ақ темір жол вокзалдарында қонақтардың келіп-кету уақытында жолаушылар пойыздары тексеруден өтеді.


Қазірдің өзінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Департаменттің әкімшілік полициясы, криминалдық қызметі және қылмыстық іздестіру қызметкерлерінен жасақталған жедел топтар құрылып, айтулы нысандарда үздіксіз жұмыс істеуде.

Департаменттің кинологиялық қызмет орталығының мамандары да арнайы қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен күдіктілерді анықтап, тексеру үшін жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлері  халықаралық және республикалық маңыздағы 15-тен аса жолаушылар пойыздарын тексеруден өткізбек.

 

Соңғы жаңалықтар