Жағармай бағасы тағы да қымбаттай түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағармай бағасы тағы да қымбаттай түсті

Жағармай бағасы тағы да қымбаттай түсті

Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің құны кей жанармай құю бекеттерінде литріне 145 теңге болып қымбаттады.Мәселен, АИ-92 бензині «Лукойл» бекетінде литріне 145 теңгеден болып, бес теңгеге көтерілген. АИ-95 165 теңгеден сатылып жатыр дейді бекеттің операторы.

  • 22 Ақпан 2017
  • 312
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГазда» да жанармай құны көтерілген. Мұнда 17 ақпаннан бастап АИ-92 бензинінің бір литрі 139 теңгеден 141 теңгеге дейін барды. Ал АИ-95 – 154 теңге.

«Газпромнефть Қазақстан» да АИ-92 бензинін 141 теңгеден сатуда, ал АИ-95 – 152 теңге.

АИ-92 бензині Sinoоil компаниясында, бұрынғысынша литріне 140 теңге, ал АИ-95 – 152 теңге. Сонымен қатар Helios те АИ-92 бензинін 140 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 – 151 теңге.

Бағаны өзгертпегендер қатарында Royal Petrol да бар: АИ-92 – 140 теңге, алайда АИ-95 – 155 теңге.


Соңғы жаңалықтар