Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа салық кодексінің жаңашылдықтары баяндалды

  • 19 Қаңтар 2018
  • 284
Фото - Caravan.kz

Жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады", — деді Дәленов ОКҚ-де өткен брифингте. 

Дәленов табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылатынын нақтылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты. 


"Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты", — деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар