«Бишімбаевтың сөзінің барлығы өтірік»: Сарапшы сотталушының мінез-құлқына сипаттама берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бишімбаевтың сөзінің барлығы өтірік»: Сарапшы сотталушының мінез-құлқына сипаттама берді

«Бишімбаевтың сөзінің барлығы өтірік»: Сарапшы сотталушының мінез-құлқына сипаттама берді

Елді шулатқан Бишімбаевтың ісі жан-жақты талқыланып жатыр. Қарапайым халықтан бастап, заңгерлер мен сарапшылар да пікірлерін білдіре бастады. 

  • 11 Сәуiр
  • 40
Фото: caravan.kz

Халық бақылап отырған ашық сот отырысында Бишімбаевқа жауап беру мүмкіндігі екі күн қатарынан берілген. Ол мүмкіндікті айыпталушы пайдалана білді. Алқабилер мен миллиондаған бақылаушыға Салтанат Нүкеновамен танысып, отбасын құрған сәттен бастап, көз жұмған күнге дейін барлығын өз сөзімен баяндады. Ешкім кедергі болмады, судья да, қорғаушылар да тыңдады. Халық та куәгер болды. Әрине, сот процесінің қаншалықты әділ өтіп жатқанына баға беруден аулақпыз. Дегенмен сарапшылардың ойын жеткізе аламыз. Caravan.kz медиа порталы аталған іске қатысты белгілі маманның пікірін ұсынады. 

Светлана Филатова белгілі физиогманист маманы. Осы уақытқа дейін көптеген шоу бизнес өкілдері мен шенеуніктерге сипаттама беріп келген. Өзінің ютуб арнасы бар. Көрермендері де жетерлік. Қазақстандағы шулы іс оның құлағына да жетіпті. Көпшілік сұраған соң, Бишімбаевтың сотта берген жауабын зерттеп, толық сипаттама берді.

Маман бірден адвокаттың іс әрекетіне тоқталды. Ол айыпталушыға сұрақ қойған сәт: 

«Салтанат ашуланып, телефонын сізге қарай лақтырғанда қай жеріңізге тиді, сіздің реакцияңыз қандай болды?»

Бишімбаев көзіне тигенін, кейін көзінің көгергенін айтты. Адвокат жалғастырып, яғни әйеліңіз сізге тыныштық бермей, психологиялық қысымға ұшырағаныңыз рас па деген сұрақ қойды. 

Осы сәтке маман сипаттама берді: айыпталушының адвокаты өте ақырын сөйледі, ауа жетіспей, дем алғаны қиындады, қатты қобалжыды — өзіне деген сенімсіздік, денесін алға қарай жылжытып тұр, микрофонның қатысы жоқ бұл жерде, иығы мен басы төмен қарап тұрды – ол біреуге қызмет көрсету, қағазға қарап оқыды – сөздерін ұмытып қалмас үшін, сондай-ақ манипуляция, жөтелгені – cтресс. 

Осы сәтте Бишімбаев иегін жоғары қарай көтерді. Маманның айтуынша, ол осы сәтті күткен. Адвокаттың осы сөздері алқабилердің құлағына жеткенін, халық естігенін қалаған. Айтылған сөз – атылған оқ. Ол бірінші соққысын жасады деген сөз. 

Маманның айтуынша, адвокат айыпталушының қысымына ұшыраған. Ол білімі бар маман ретінде дәл осы фактінің сол сәтте қажетсіз екенін түсініп тұр, сондықтан қойған сұрақтарын нақты сенімді қоя алмады. Сотталушыдан аяқ тартып тұрғаны, қорқып тұрғаны байқалды. Осы жерден адвокат емес, сотталушының авторитеті анық көрінді. Сотталушы белгілі бір принциптерге байланысты өзін олардан жоғары санап тұр. 

Бишімбаевтың берген жауабын тыңдаған маман оның шеберлігіне таң қалды. Аузынан шыққан әр бір сөзін асықпай, мәдениетті, баппен жеткізуі көпшілікті баурап алады. Өзін солай таныстыра біледі, әсіресе жұмсақ дауысы. Алайда берген жауаптары біріне-бірі қайшы. Өзін емес, өзгелерді шатастыру құралы. Ол алқабилердің алдында өзін сүттен ақ, судан таза етіп ақтап шыққысы келеді. Салтанат емес, өзін құрбан ретінде көрсетуге тырысып жатқаны. Оның айласына сеніп, торына түспеңіздер дейді маман. 

Осы сәтте ол иегін қолымен жапты. Тісін қайрады. Бұл дегеніміз артық сөз айтып қоймау, яғни шындықты ашып жібермеу деген сөз. Әр бір тісін қайраған және ернін қысқан сәт –агрессияның белгісі. 

Жауабында солай жасағанын байқаған болсаңыз, оқиға болған кезде ол агрессия, яғни ашу-ызада болғанын білдіреді. 

Айта кетейік, маман Бишімбаевтың сот алдында қайғылы оқиға болған күнді баяндаған сәтін талқылады. Айыпталушы 8-9 қарашаның оқиғасын өз сөзімен айтып берген еді. Сарапшының айтуынша, ол көп нәрсені жасырып қалуға тырысты, шындық шығып қалса, өзінің расымен кінәлі екенін мойындауға тиіс. Ол оған жол бермеуге барынша тырысқаны оның бет әлпетінің мимикаларынан байқалады. 

Бишімбаев концерттен соң ресторанға оралған кезде, вип залдағы ұрысты баяндаған сәтіне ерекше мән беру керек дейді маман. Себебі ол шындықты айтпағаны анық көрініп тұр. 

Бишімбаевтың сөзі: 

«Егер айқайлағың келсе, жүр әжетханаға кір де айқайла дедім мен Салтанатқа. Залда қызметшілер жүр, олар естіп қояды. Ұрыссақ, сол әжетханаға кіріп шешейік дедім мен. Біз кірдік…»

Осы сәтте Бишімбаев екі рет артқа шегінді. Сондай-ақ екі рет тісін қайрады. Осы қимылға ерекше мән беру керек. 

«Әжетханаға ауысқан кезде марқұм қатты қиналған. Ол айтып жеткізбейтін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол әжетханаға қинап кіргізген, немесе кіргізіп жәбірленушіні қатты соққыға жыққан болуы мүмкін», -дейді маман.

Сарапшының видеосынан үзінді.

«Артынша Салтанатты әжетханада қалдырып, өзі випқа оралғанын айтты. Бөлмедегі орындықтар мен заттарды сындырып, тепкенін айтты. Бар дауысымен айқайлағанын айтты. Осы сәтте залда жүрген қызметшілер оны енді толғандырмады. Бұл өтірік. Айтқан әр бір сөзі шындыққа жанаспайды. Оның әдемі ертегісіне сенбеңіздер», — дейді маман. 

Біріншіден, 6 сағат бойы ұрыс шығарған әйел тыныш қана өз еркімен әжетханаға барып айқайлауға келіспейді. Егер қинап кіргізбесе.

Екіншіден, әжетханаға кірген адам, жарты сағат бойы үн-түнсіз, бір кейіпте отырмайды. Егер оны аямай соққыға жықпаса, немесе есінен танып қалмаса.

Үшіншіден, залда жүрген адамдардан ұялып, әжетханаға кірген адам, кейін өзі айқайлап, заттарды сындырмайды. Ұяты қайда кетті?

Абсурд. 

Сот процесін толық қарап, сотталушының сөздерін, мимикаларын, бет әлпетіндегі өзгерістерді зерттей отырып, бір ғана шешім айта аламын. Бұл психопаттың бейнесі. 

Осы тұста психопатты анықтайтын 20 тізімге тоқталайық.  Оны 0 ұпайдан 2 ұпайға дейін бағалаңыздар.

  1. Мылжың, яғни сөзге шебер адам және сыртқы сүйкімділік
  2. Өзін өзгелерден маңызды сезіну және доминант 
  3. Өте қозғыштық қажеттілігі
  4. Паталогиялық жалғандық
  5. Алаяқтық, манипуляция 
  6. Кінәсіне өкінудің болмауы
  7. Реакцияның төмен болуы
  8. Эмпатияның жоқтығы
  9. Паразиттік өмір салты
  10.  Әлсіз мінез-құлықты бағындыру
  11.  Болашаққа шынайы жоспар құрмау
  12.  Бала кезіндегі проблемалық мінез-құлық
  13.  Азғындық
  14.  Импульсивтілік, кекшіл
  15.  Жауапкершіліктің жоқтығы
  16.  Өз ісіне жауапкершіліктің болмауы 
  17.  Бірнеше рет отау құру
  18.  Жасөспірім кездегі дұрыс емес мінез -құлық
  19.  Қылмыстың қайталануы
  20.  Әртүрлі қылмыстық әрекетке бару 

Әрине, сарапшы 100% дұрыс айтты деп айта алмаймыз. Дегенмен тәжірибелі маманның сөзіне құлақ асқан абзал. Ал сот үкімін алқабилерге қалдырамыз. 

Физиогномика ілімі дегеніміз не?

Адамның жүзіне қарап отырып, мінез-құлқын білуге тырысу біздің арғы бабаларымызды да қатты толғандырған. Олар сол кезден-ақ адамның бет-әлпеті мен мінез-құлқының арасындағы ішкі байланысты іздей бастады. Соның нәтижесінде ерте заманда Пифагор, Сократ, Гиппократ тәрізді атақты ғалымдар негізін салған физиономистика ғылымы пайда болды. Орта ғасырға таман физиономистер бет-әлпетті жеке-жеке алып қарап, бет пішіні мен мінезін байланыстырды. Ал қазіргі физиономистика ғылымы бет-әлпетті қарсы алдынан, қырынан және айрықша жеке ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп зерттейді. Ғасырлар сынынан өтіп, толыға, зерделене түскен ғылым әр дәуірдің өзіне тән ерекшелігіне қарамастан, өз болжамындағы дәлдігін, өткірлігін жойған жоқ. Бүгінгі таңда аталмыщ ғылым үлкен сұранысқа ие, әсіресе қылмыскерлердің портретін жасау үшін жиі қолданылады. 

Соңғы жаңалықтар