Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

Айсұлтан Назарбаев Қазақста футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында хабарланған.

  • 28 Ақпан 2017
  • 533
Фото - Caravan.kz

28 ақпан күні ҚФФ Атқару комитетінің кадрлық мәселелер бойынша отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Айсұлтан Назарбаев ФИФА, УЕФА және Ұлттық қауымдастықтар секілді халықаралық ұйымдармен байланыс бойынша Федерацияның вице-президенті болып тағайындалған.

Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айында Сейілдә Байшақов Қазақстан футбол федерациясының басшылығына келген еді. Бұған дейін президент болған Ерлан Қожағапанов болса біліктілігін арттыру мақсатында оқуға кеткен.

Ал, Айсұлтан Назарбаев осыдан бірер жыл бұрын Ерлан Қожағапановтың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, оған орнын босатуын талап еткен болатын. Көп ұзамай оның талабы орындалды.


Соңғы жаңалықтар