Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек

Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек

«Оқжетпеспен» кездесуде ауыр жараланған «Шахтер» ФК жартылай қорғаушысы Евгений Кострубке ота жасау керек. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 9 Қараша 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Чемпионатының 32-ші турындағы «Шахтер» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы ойынның 20-шы минутында «Шахтердың» жартылай қорғаушысы Е. Коструб жарақат алды. Оның жілік шыбығы сынып, тізесі шыққан. Қазір Евгений жергілікті облыстық ауруханада. Жақын арада ота жасалмақ», — делінген хабарламада.


33 жастағы Е. Коструб «Оқжетпес» ойыншысы Иван Цветковичтің шалт әрекеттерінен жараланды. 
Ойын «Оқжетпестің» пайдасына: 0:1 есебімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар