Алдағы жұма күні Астанада "Әлем барысы" өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жұма күні Астанада "Әлем барысы" өтеді

Алдағы жұма күні Астанада "Әлем барысы" өтеді

Биылғы Әлем барысының жеңімпазы белдікпен бірге 15 миллион теңге көлемінде сыйлық алады. Ең мықты түйе палуан атағына осы жолы 40 мемлекеттің спортшысы таласпақ.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 381
Фото - Caravan.kz

Олардың алғашқылары Астанаға жетіп үлгерді. Әлемнің әр түпкірінен келген қара күш иелеріне Қазақстан атынан шыққан төрт палуан қарсы тұрмақ. Әлем барысы атағы мен ақшалай ұтыстан бөлек, күміс, қола белдіктер де табысталады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Ал доданың жалпы ұтыс қоры 30 млн теңге. Ұйымдастырушылар көрермендер де құр қол кетпейді дейді. 8-ші қыркүйекте Әлем барысын тамашалауға Барыс-аренаға келгендер көлік ұтып алуы мүмкін.

"Бірінші "Әлем барысы" деген доданы 3 жыл бұрын Павлодар қаласында өткізгенбіз. Меніңше бұл қазақ күресінің халықаралық аренадағы дәріжесінің өсуіне үлес қосатын жоба. Жалпы қазақ күресінің күллі әлемге қанатын жайдыратын жоба" дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.


Соңғы жаңалықтар