Әлімханұлы Канададағы алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасады?
Сурет - Qsport.kz |
28 наурызда орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өзінің кәсіби мансабында алғаш рет Канадада жекпе-жек өткізеді. |
Бұл туралы Prosports.kz порталына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
ESPN шолушысы Стив Ким бұл жекпе-жекте Жәнібектің қарсыласы Дмитрий Баллард болатындығын өзінің Туиттердегі парақшасында жазды.
Дмитрий Баллард, Жәнібек Әлімханұлы сияқты, 26 жаста. Кәсіби рингте 21 жекпе-жек өткізді, оның 20-н жеңіспен аяқтаған, ал біреуінде тең нәтиже тіркелді. 2019 жылдың 5 желтоқсанында төрешілер бразилиялық Фалькао Ямагучиге қарсы матчта жеңімпаз анықталмады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін