Әлімханұлы "Жалдамалы баскесермен" жекпе-жекке Головкиннің бұрынғы қарсыласымен дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлімханұлы "Жалдамалы баскесермен" жекпе-жекке Головкиннің бұрынғы қарсыласымен дайындалуда

Әлімханұлы "Жалдамалы баскесермен" жекпе-жекке Головкиннің бұрынғы қарсыласымен дайындалуда

Америкалық нокаутпен жеңіліп, үш жыл рингке шықпады.

  • 22 Қаңтар 2019
  • 80
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы қарсыласы — америкалық Доминик Уэйдпен (18-1, 12 КО) спарринг өткізді, -деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаттығу жекпе-жегі алты раундтан тұрды және бұл қазақстандық боксшы үшін алдағы 28 жастағы "Жалдамалы баскесер" лақап атты америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасуға дайындық болды.

"Осы апта 14 раунд спарринг қалды. Бұйыртса келесі апта жекпе-жек. Тас түйін дайынбыз. Бүгінгі спарринг қарсылас Генамен жұдырықтасқан Доминик Уэйд. Бұл батырға да бүгін Қазақ бокс стилін таныстырдық! Жеңісті күнде жүздесейік!", — дейді боксшы.

Еске салайық, Головкин және Уэйд 2016 жылы жұдырықтасты. Қазақстандық екінші раундта нокаутпен жеңіп, Interim WBC, WBA (Super), IBF, IBO белбеулерін қорғап қалды, ал америкалық карьерасында алғаш жеңілді.

Головкиннен жеңілген соң Уэйд үш жыл рингке шықпады. 1-ші ақпанда ол аргентиналық Мартин Фидель Риоспен жұдырықтасу керек.

Соңғы жаңалықтар