Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын Н. Нұров басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын Н. Нұров басқаратын болды

Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын Н. Нұров басқаратын болды

Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді.

  • 1 Қазан 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Алматы әкімінің орынбасары кеше 48 жастағы Наиль Нұровты басқарма ұжымына таныстырды. Бұл туралы қалалық басқармадан хабарлады.

«Қазір ол кісі өз міндетін атқаруға кірісіп кетті. Бірақ, мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіндегі тәртіптерге байланысты әлі де құжат  жинап жатыр. Ресми түрде қабылданған жоқ», — деді басқармадан.

Жаңа басшы Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайын басқарып келген. Оның алдында  «2011 Азиада ойындарын және Олимпиада алауын ұйымдастыру және өткізу қалалық дирекцясы» мемлекеттік кәсіпорнында басшылық қызметте болған.

Айта кету керек, басқарманы осыған дейін 8 жыл бойы басқарып келген Хайырболат Хайдаров осыдан бірнеше күн бұрын өз еркімен қызметінен кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар