Алматыда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді

Алматыда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді

Шілденің 30-ы күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында «Нархоз» университетінің спорт кешенінде БАҚ қызметкерлері арасында спартакиада өтеді.

  • 28 Шiлде 2017
  • 499
Фото - Caravan.kz

Қатысушылар шағын футболдан, арқан тартудан, шахматтан, гір көтеруден, армрестлингтен және жеңіл атлетикадан (эстафета 4 *100) жарыс жолына шығады.

Спорттық шара БАҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру, аталып өткен спорт түрлерін елге таныту,қала тұрғындарының физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында өткізіледі.

Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.


Өтетін орын: «Нархоз» университетінің спорт кешені

Соңғы жаңалықтар