Алматыдағы бокс кеші тікелей эфирде көрcетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы бокс кеші тікелей эфирде көрcетіледі

Алматыдағы бокс кеші тікелей эфирде көрcетіледі

Қазақстандық спортсүйер қауым 24 қыркүйек күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашала

  • 23 Қыркүйек 2016
  • 844
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортсүйер қауым 24 қыркүйек күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы доданы ұйымдастырушы Руслан Абдусаламов баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады massaget.kz.

— Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтетін бокс кеші Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Жекпе-жектердің қызығынан кеш қалмау үшін ертерек келгендеріңіз абзал. Барлық кездесулерді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады, — деді Руслан Абдусаламов.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесіне арналып өткізіледі. Бокс кешінің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен неміс Майк Курцвейл арасында өтеді. Олар бірінші ауыр салмақта «GBC» ұйымы дайындаған арнайы чемпиондық белбеуге таласатын болады.


Соңғы жаңалықтар