"Алтынды ұрлап алды". Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтынды ұрлап алды". Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

"Алтынды ұрлап алды". Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

 

  • 20 Мамыр 2022
  • 73
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркия жерінде өтіп жатқан әлем біріншілінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап. 

Ыстамбулда 48 келіге дейінгі салмақтың финалында Балқыбекова Түркия елінің боксшысы Айзе Чагирирге қарсы шықты. Финалдық айқастың бірінші раундын қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңді. Екінші кезеңде де отандасымыз белсенді болып, соққы көрсеткіші бойынша алда болған еді. Бірақ қазылар бұл раундта 3:2 есебімен жеңісті Чагирирге берді.

Ал шешуші үшінші раундты Балқыбекова өзінің үстемдігімен өткізген еді. Бірақ үшінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер Айше Чагрирдің қолын көтеріп, жеңісті түркиялық боксшыға берді.


Айта кетейік, бұл атлтыннан бөлек, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт қола жүлде бар. өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төрт қола жүлде алды. Оны біздің қоржынға Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) салды.

Соңғы жаңалықтар