Атағы Бораттан да асып түскен боксшы Фируза Шәріпова жайлы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атағы Бораттан да асып түскен боксшы Фируза Шәріпова жайлы не білеміз?

Атағы Бораттан да асып түскен боксшы Фируза Шәріпова жайлы не білеміз?

Кешелі бері ағылшын елінің белді басылымдары қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова жайлы жарыса жазды. Әсіресе оның дене мүсіні мен сүйкім

  • 25 Қаңтар 2017
  • 2281
Фото - Caravan.kz

Кешелі бері ағылшын елінің белді басылымдары қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова жайлы жарыса жазды. Әсіресе оның дене мүсіні мен сүйкімді бет әлпеті Тұманды Альбион тұрғындарын таң қалдырса керек. Жалпы, жақында кәсіби бокстан әлем чемпионы атағына таласатын боксшы Фируза Шәріпованың есімі соңғы кездері жиі айтыла бастады. Ендеше өзге елдерге таныла бастаған былғары қолғап шебері жайлы қандай мәліметтер белгілі. Caravan.kz порталы анықтап көрді.

Фируза Шәріпова 1995 жылы 29 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген.Отбасында 5 баланың екіншісі. Жанұясында Фирузадан басқа ешкім спортпен айналыспайды. Қаладағы №39 орта мектепте білім алған. Қазір Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәлім алуда.

Бокспен 11 жасынан бері айналысады. Оның ең сүйікті боксшысы әлемге әйгілі Мұхаммед Әли. Сондай-ақ Мэнни Пакьяоның еңбекқорлығы мен Флойда Мейвезердің қорғанысы және Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы қозғалысын ұнатады. Дегенмен өзі бірде бір атақты боксшыны пір тұтып, табынбайды.

Фируза Шәріпова еліміздегі қыздар арасындағы тұңғыш кәсіби боксшы. Күніне екі мәрте жаттығады. Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Азия чемпионы.


Белгілі спорт мамандары отандасымыздың соққыларын ерекше бағалап отыр. Шаршы алаңда жұдырық жұмсау мәнері ерлерге тән. Әйелдер арасында мұндай боксшылар сирек кездеседі деген пікірде.

Фируза 2015 жылы қазақстандық боксшы Денис Рыбакқа тұрмысқа шықты. Әзірге балалары жоқ.

Шәріпованың кескін келбеті мүсіні соңғы жылдары шетелдіктерді қызықтыра бастады. Тіпті былтыр оған танымал сериал «Тақтар таласына» басты рольдердің бірін ойнау ұсынылды. Ал британдық басылымдар «Боратты ұмытыңдар. Өйткен Қазақстанда одан өзге тартымды боксшы арулар бар» деп жазуда.

Соңғы жаңалықтар