Жарияланды: 80

Атыраулық спортшы әлем чемпионы атанды

Атыраулық спортшы әлем чемпионы атанды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында 60 кг салмақта ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ұлан Мұқашев чемпион атанды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жерлесіміз әлем чемпионы атағы үшін 5 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Өзбекстан, Ресей және Молдова спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда Беларусь спортшысынан басым түсті. Ал ақтық сайыста екі жыл бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік спортшыны тізе бүктірді.

Облыс аға жаттықтырушысы Хайдар Есенғалиевтің айтуынша, бұл Ұлан Мұқашев қатысып отырған төртінші әлем чемпионаты.

«Осыдан екі жыл бұрын Ұлан әлем чемпионатының ақтық сынында Ресей спортшысы Дмитрий Казигашевтен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Бұл жолы кеткен есені қайтарып, сол спортшыны ақтық сында ұтты», - дейді аға жаттықтырушы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін