Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған Илья Ильинге 20 млн теңге табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған Илья Ильинге 20 млн теңге табыс етілді

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған Илья Ильинге 20 млн теңге табыс етілді

Қызылорда. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған Илья Ильинге 20 млн теңге табыс етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық телеарнаға сілтеме жасай отырып.

  • 22 Тамыз 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

Кеше Қызылорданың орталық стадионында ХХІХ Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінің иегері ауыр атлет И. Ильин мен оның бапкері Вилорий Пакқа салтанатты құрмет көрсетілді.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықов И. Ильинге жүлделік 20 млн теңгені, ал оның бапкері Вилорий Пакқа Жапониялық жол талғамайтын көліктің кілтін табыс етті.

Содан кейін Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болып, ол мерекелік от шашумен аяқталды.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бүгін чемпионның олимпиадалық формасы облыстық мұражайға салтанатты түрде табыс етіледі. Сондай-ақ, Пекин Олимпиадасының қазақстандық батырының спорт ардагерлерімен және студенттермен кездесуі жоспарланған. Ертең И. Ильинді Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Ергешбаев қабылдайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар