Жарияланды: 1600

Азия чемпионатында Василий Левит күміс медальді тағудан бас тартты

Азия чемпионатында Василий Левит күміс медальді тағудан бас тартты Сурет - Sports.kz

Қазақстандық боксшы Василий Левит Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатында күміс медальді мойнына тағудан бас тартты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен не айтарымды да білмеймін». AIBA комментаторлары Василий Левиттің жекпе-жегінің төрешісіне наразы.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Левит төрешілердің бөлек шешімімен үнді боксшысы Санжиттен жеңіліп қалды. Бір қызығы, тіпті AIBA комментаторлары әділетсіз болғандарына сеніміді. 

Василий Левиттің "күмісті" алған реакциясы туралы видеоны төменде көруге болады.

АЧ-2021 турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын медаль жеңіп ала алмады. Василий Левиттен бөлек, турнирдің күміс жүлдегерлері Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Күнқабаев, ал "қоланы" Сәкен Бибосынов жеңіп алды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by SPORTS.KZ (@kzsports)

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін