Жарияланды: 1100

Бапкер Головкин-Альварес реваншында неліктен "Канелоның" жеңетінін айтып берді

Бапкер Головкин-Альварес реваншында неліктен "Канелоның" жеңетінін айтып берді

Екінші кездесу мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.

Танымал бокс бапкері Хоэль Диас WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкиннің аренада 1-2 раундта-ақ жеңіске жеткенін өз көзіммен көрдім. Бірақ сіздер сол жекпе-жекті қайта көргілеріңіз келсе, мүлде басқа картинаны көресіздер. Тепе-тең түсу - бұл ойынның бір бөлігі ғана. Бұл - бизнес. Ал біз екінші жекпе-жекті көргіміз келеді", - дейді Хоэль Диас.

Сондай-ақ, бапкер реваншта "Канелоның" Головкинді жеңетінін айтады. "Неге "Канело" жеңеді? "Канело" Головкинмен бір-біріне өте жақын қашықтықта жұдырықтасты. Сосын алыс арақашықтыққа өтті, дегенмен ол барлығын бақылап жүрді. Реваншта "Канело" көбірек соққы жасап, белсендірек болуы керек. Сонда ғана ол Головкинді жеңе алады", - дейді ол.

Мұнымен қоса, бапкер "Канелоның" әлі жас екенін, сондықтан да оған 5-6 раундта шаршап қалмауы үшін жаттығу керектігін айтып өтті.

"Ал Головкин не істеуі керек? Оған "Канелоны" нокаутқа түсіру керек. Бұл жерде бокстың басты жұлдызы Альварес. Сондықтан мұнда Головкиннің жалғыз бір мүмкіндігі бар - ол нокаут", - деді Хоэль Диас K.O Artist Sports басылымына берген сұхбатында.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть