Жарияланды: 80

"Барселона" ойыншысы дос болу үшін Месси мен Суареске күн сайын ақша төлеген

"Барселона" ойыншысы дос болу үшін Месси мен Суареске күн сайын ақша төлеген

Қорғаушыны клубтағы ойыншылардың таланты таңғалдырған.

Колумбия құрамасының және "Барселона" клубының қорғаушысы Йерри Мина Лионель Мессимен және Луис Суареспен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Оның сөздерін Bocas басылымы жариялады, - деп хабарлады Lenta.ru.

"Клубқа келе сала мен Лионель Мессимен және Луис Суареспен дос болу үшін ұтыс тіге бастадым. Біз кім айып добын жақсы тебеді деп бәстесе бастадық және мен күн сайын 50 евродан жоғалта бастадым. Сөйтіп, ойландым: "Не?! Мен мына жігіттердің шопингі үшін ақша төлеп жүрмін бе", - деді Мина.

Қорғаушыны клубтағы ойыншылардың таланты таңғалдырған.

"Рас, ол құбыжықтар допты қайда салғысы келсе, сонда салады, олар ұлы адамдар, тіпті сиқыршылар шығар", - деді ол.

Айта кетейік, биыл жазда Мина Колумбия құрамысында 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Үш кездесуде ол үш гол соққан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін