"Барселонаның" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барселонаның" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

"Барселонаның" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

"Барселона" командасы Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Арауха операция жасататынын растады.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

Осылайша ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

23 жастағы қорғаушы 28 қыркүйек күні Финляндияда операция жасатады.

Араухо жарақатты Уругай пен Иран (0:1) құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде алды. Ол оң аяғынын санын сындырып алған.

"Барселона" командасы қорғаушының қатарға қашан оралатынын нақты айтпады. Бірақ, инсайдерлер уругвайлық футболшы қатарға тек 3 айдан кейін қосылатынын хабарлады.

Осылайша Арауха 2022 жылдың 20 қарашасында басталатын әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін.


Еске салайық, әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Н тобында Португалия, Оңтүстік Корея және Гана құрамаларына қарсы ойнайды.

Ал әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар