"Барыс" Челябинск облысы губернаторының кубогын жеңіспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барыс" Челябинск облысы губернаторының кубогын жеңіспен бастады

"Барыс" Челябинск облысы губернаторының кубогын жеңіспен бастады

"Барыс" хоккей командасы Челябинск облысы Губернаторының кубогындағы алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 25 Тамыз 2022
  • 654
Фото - Caravan.kz

Турнирдің бірінші ойынында елордалық команда "Автомобилистпен" кездесті. Матчтың бірінші кезеңінде "Барыс" Никита Михайлистің соққан шайбасының арқасында алға шықты. Екатеринбургтық команда ойынның үшінші кезеңінде таразы басын теңестірді. 50-минутта Брукс Мэйсек көзге түскен. Бірақ 52-минутта Михайлис дубль авторы атанып, "Барысқа" жеңісті жұлып алып берді.

Айта кетейік, бұл командалар осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президент кубогінде кездескен еді. Ол ойында қосымша уақытта 4:3 есебімен ресейлік команда жеңіске жеткен.


Енді Челябідеді турнирде "Барыс" жергілікті "Трактор" және Металлург" командаларымен кездеседі. Бұл ойындар 25 және 27 тамызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар