Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың шаршы алаңға шығатын күні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың шаршы алаңға шығатын күні анықталды

Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың шаршы алаңға шығатын күні анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған отандастырымыз кезекті жекпе-жегін наурыз айының соңына таман өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпқой боксшылар өздерінің инстаграмдағы ресми парақшасында жария етті. Олар өз сөздерінде: «Құрметті жанкүйерлер, келесі жекпе-жегімді 31 наурыз күні Канада елінде өткіземiн. Бұйырса, алдағы кездесуде баршаңызды жеңіспен қуантамын деген ойдамын», – дейді Жүкембаев. Абылайхан да дәл осылай өзінің жекпе-жегінің қашан өтетіні жайлы мағлұмат берді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов Канадада жаттығып, атақты промоутер Анна Ревамен бірге жұмыс істейді. Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетсе, бесеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Жүкембаев 11 кездесу өткізіп, 9 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

  • 23 Ақпан 2018
  • 956
Фото - Caravan.kz


 

Соңғы жаңалықтар