Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі спортшы медалін қайтарып береді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі спортшы медалін қайтарып береді

Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі спортшы медалін қайтарып береді

Бейжің олимпиадасы кезінде алынған сынамаларынан допинг ізі табылған алты қазақстандық спортшының төртеуі – ауыр атлет.

  • 15 Шiлде 2016
  • 1007
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Осы мәліметке сүйенсек, төрт атлеттің екеуі – Бейжің олимпиадасында күміс медаль алған Ирина Некрасова (63 келі) және қола жүлдегер Мария Грабовецкая. Үшіншісі 85 келіде төртінші орын алған Владимир Седов болған. Төртінші ауыр атлеттің есімі – Илья Ильин. Енді алдағы уақытта Халықаралық олимпиада комитеті Б сынамасын тексереді. Егер бұл кезде сынама оң нәтиже берсе олардың нәтижесі жойылады. Яғни, Бейжің олимпиадасынан жеңіп алған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді.


Естеріңізге сал кетейік, Бейжің олимпиадасында қазақ спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медал жеңіп алған болатын. Олар: Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі).

Соңғы жаңалықтар