Беларусь құрамасы сапындағы қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь құрамасы сапындағы қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды

Беларусь құрамасы сапындағы қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды

Биатлоннан Беларусь ұлттық құрамасы сапында Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Динара Әлімбекова эстафеталық сайыста үздік атанды. Ал бұл жарыс жолында еліміздің биатлоншылары жүлделі орыннан көріне алған жоқ.

Динара Әлімбекова Қарағанды облысы Абай ауданында 1996 жылы дүниеге келген. Әкесі – қазақ, анасы орыс ұлтынан. Динара 3 жасқа толғанда ата-анасы Беларусь жеріне көшіп кеткен. Өзін толығымне беларуспын деп санайды.

- Мен ес білгелі Беларусь елінде тұрамын. Расында, Қазақстандағы өмірім жайлы ештеңе білмеймін. Жарысқа қазақстандық спортшылармен қатар шыққанда жан дүниемде ешқандай өзгеріс байқамаймын, ештеңе сезінбеймін. Өйткені өзімді 100 пайызға беларуспын деп есептеймін, - деді спортшы sport.tut.by порталына берген сұхбатында.

Спортшы халықаралық жарыстарға 2011 жылдан бері қатысып келеді. Бүгін спорттық мансабындағы үлкен жетістігіне қол жеткізіп отыр. Ол биатлоннан өзге коньки және сноубордпен айналысқанды да ұнатады екен..

Динара бүгін Надежда Скардино, Ирина Кривко және Дарья Домрачевамен бірге эстафеталық сайыста жеңімпаз атанды. Бұл сайыста күміс медальды швед биатлоншылары, қола жүлдені Франция құрамасы иеленді.

Қазақстандық биатлоншылар Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова жәнеДарья Климина 14-орын алды. Олар жарыс жеңімпаздарынан 2 минут 14,6 секундқа қалып қойды.

  • 23 Ақпан 2018
  • 868
Фото - Caravan.kz


 

Соңғы жаңалықтар