Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін кешірім сұрады

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін кешірім сұрады

Мені үміттеріңізді ақтай алмағыным үшін кешіріңіздер. Бүгін 49 келіде ел намысын қорғаған Біржан Жақыпов жеңілісінен кейін, ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай елден кешірім сұрады.

  • 11 Тамыз 2016
  • 543
Фото - Caravan.kz

— Біржан біз сенің жеңілігеніңе әлі сенбей тұрмыз…

— Сіздерді қойып, мен өзіме-өзім сенбей тұрмын. Қалай ұтылып қалғанымды білмеймін. Елден, барлық жанкүйерлерімнен жеңіліп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Үміттеріңізді ақтай алмағыным үшін кешіріңіздер.

— Қарсыласың өзіңе жақсы таныс болды. Қай жерден қателікке бой алдырдым деп ойлайсың?

— Үлкен қателіктерге жол бердім. Енді не айтсам да кеш. Өйтуім керек еді, бүйтуім кереу еді деп ақталғым келмейді.

— Ендігі жоспарың жайында айта аласыз ба?

— Жоқ, әзірге ештеңе айта алмаймын.


— Үшінші Олимпиаңда сөзсіз медаль алам деген жоспар болды ғой…

— Әрине, ешкім жүлдесіз қайтам деп ойламайды ғой. Сол сияқты мен де медальдан үміттендім. Бірақ… Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер.

— Өзге әріптестеріңізге не айтасыз?

— Менің жолымды бермесін. Олар қателікке бой алдырмай, жеңіс тұғырына жетуге тілектеспін.

— Әңгімеңізге рахмет!

Соңғы жаңалықтар