Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық "Машинаны" жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық "Машинаны" жеңді

Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық "Машинаны" жеңді

 

  • 29 Қазан 2021
  • 67
Фото - Caravan.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Жүсіпов "Машина" лақапатымен танымал венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті. Жеңіс төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша қазақстандыққа берілді.

"Жақсы дайындалдық. Бапкерлер күш салды. Оларға рақмет айтамын. Солардың тактикасы арқасында жеңіске жеттік", — деп түсіндірді Абылайхан Жүсіпов.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық Серік Теміржанов (57 келіге дейін) 2021 жылғы әлем чемпионатында жапон Рейто Цуцумиді жеңіп, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазын тізе бүктіріп, екінші жеңісіне қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар