Бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды

Бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды

Астана қаласында бокстан қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды. Жарыста еліміздің 14 өңірінен 90-ға жуық боксшы қыздар бақ сынайды.

  • 5 Мамыр 2017
  • 425
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Елорда төріндегі ел біріншілігіне әлем чемпиондары – Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева да қатысады. Сондай-ақ Рио олимпиадасының қатысушылары – Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова да жарыс жолына шығады. Әдеттегідей, чемпионаттың қортындысы бойынша ұлттық команданың жаңа құрамы қалыптасады. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиаданың аясында бапкерлер құрамы «олимпиадалық» өлшеулі салмақ дәрежелеріне – 51, 60 және 75 келіге ерекше мән береді.

Ел чемпионатының финалдық кездесулері 8 мамыр күні өтеді.

Айта кетейік, бұл күндері Ташкентте бокстан ерлер арасында Азия чемпионаты өтуде. 8 қазақ боксшысы жартылай финалға шықты. 

Соңғы жаңалықтар